Сайт бойынша іздеу
Академия ректоры ЮНЕСКО Федерациясының даму жөніндегі Вице-Президенті болып сайланды.

2025 жылғы 5 желтоқсанда Алматы қаласындағы UN Plaza алаңында Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясының Республикалық есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Конференцияға елдің әр өңірінен жүз елуге жуық ЮНЕСКО клубтарының жетекшілері мен хатшылары гибридтік форматта қатысты.

Қатысушылар Астана және Шымкент қалалары мен Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар, Абай облыстарының өңірлік өкілдіктерінің есептерін тыңдады. Есептік бөлімнің аяқталуынан кейін Федерацияның басшылық құрамының және кеңес мүшелерінің сайлауы өтті. Сонымен қатар, Бибігүл Нүсіпжанова, Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры – ЮНЕСКО клубы, Астана қаласындағы Федерацияның өңірлік өкілдігінің координаторы, Федерацияның даму жөніндегі Вице-Президенті болып сайланды.

Қазақ ұлттық хореография академиясының ұжымы Бибігүл Нұрғалиқызын тағайындалуымен құттықтайды және болашақ жобаларға сәттілік тілейді.