Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Бибігүл Нүсіпжанова 21–24 қыркүйек аралығында Әзірбайжанның Баку қаласына жұмыс сапарымен барды. «Түркі мәдениет қайраткерлерінің ұлттық сахналық мектептердің қалыптасуындағы рөлі мен ықпалы» тақырыбында баяндама жасап, «Әлемдік аренадағы түркі мұрасы: Париждегі дүниежүзілік көрменің 100 жылдығына» арналған Дөңгелек үстелге қатысты.
23 қыркүйекте ұлы композитор Узеир Гаджибейлидің туғанына 140 жыл толуына арналған «Ашық Алескерден Узеир Гаджибейлиге дейін: түркі әлемінің мәдени кодтары» атты Халықаралық ғылыми симпозиумға қатысты. Іс-шара Әзірбайжан Республикасының Мәдениет министрлігінің, Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясының, Түркі мәдениеті мен мұрасын қолдау қорының, сондай-ақ Әзірбайжан ұлттық консерваториясының қолдауымен ұйымдастырылды.
Симпозиумның мақсаты — ұлы композитор мен ашық өнерінің (ашық өнері — әзірбайжан халқының синкреттік (көпқырлы) өнері, дәстүрді ауызша жеткізуге негізделген және поэзияны, музыка (сазда ойнау), вокалдық және би шеберлігін қамтитын орындаушы-ашықтың өнері – автор ескертпесі) мұрасын жалпы түркі мәдени кодтары тұрғысынан қарастыру және олардың ұлттық және рухани болмыстың қалыптасуындағы рөлін анықтау.
Симпозиум аясында түркі халықтарының ортақ музыкалық жады, ашық өнерінің дәстүрлері, классикалық әдебиеттің ықпалы және, атап айтқанда, Узеир Гаджибейлидің ұлттық мәдени кодтарды қалыптастырудағы рөлі талқыланды.
24 қыркүйекте ректор «Орталық Азия+» Ректорлар клубының «Еуразия университеттерінің брендингі: болмысты сақтау мен жаһандық амбициялардың тепе-теңдігі» атты 6-отырысына шақырылды. Бұл іс-шара Академия үшін маңызды, өйткені шетелдік университеттермен ынтымақтастық келесідей жаңа мүмкіндіктерге жол ашады:
Академия ректорының Бакуге жасаған жұмыс сапарының нәтижесінде әлемнің жетекші білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық орнату ниеті пайда болды.