Сайт бойынша іздеу
Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры ЮНЕСКО іс-шарасына қатысты

Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Бибігүл Нүсіпжанова Болат Ақшолақовтың төрағалығымен өткен Қазақстанның Ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясы Басқармасының кеңейтілген отырысына қатысты.

Іс-шара ЮНЕСКО қолдауымен өткізілген «The Planet of Art – 2025» халықаралық жастар фестивалі музыкалық циклының финалы аясында өтті. Отырыста Федерацияның 2025 жылғы қызметінің қорытындылары ұсынылып, алдағы республикалық есеп беру-сайлау конференциясына дайындық мәселелері талқыланды, сондай-ақ кандидат-клубтар мен ЮНЕСКО клубтары мәртебесін беру рәсімдері және Елшілер мәртебесіне үміткерлер тізімдері қарастырылды.

Жиынға қатысушылар жастардың бейбітшілік, толеранттылық және тұрақты даму идеяларын ілгерілетуге бағытталған мәдени-ағартушылық бастамаларға белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті. Қазақ ұлттық хореография академиясы өкілдерінің қатысуы академияның мәдениет пен білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ ЮНЕСКО қамқорлығындағы ұйымдармен серіктестік байланыстарды нығайтуға деген ұмтылысын көрсетті.