Сайт бойынша іздеу
Қазақстан Республикасының БАҚ қызметкерлері күні құтты болсын!

Құрметті журналистер, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері және сала ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасының Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздердің еңбектеріңіз қоғам өмірінде ерекше маңызға ие. Ақпарат кеңістігінің дамуына үлес қосып, елдегі маңызды оқиғалар мен жаңалықтарды халыққа жедел әрі шынайы жеткізіп келесіздер. Кәсіби біліктіліктеріңіз бен азаматтық жауапкершіліктеріңіздің арқасында қоғам мен мемлекет арасындағы ашық диалогтың нығаюына ықпал етудесіздер.

Қазақ ұлттық хореография академиясының қызметін кеңінен насихаттап, білім, мәдениет және өнер салаларындағы жетістіктерді жариялап жүргендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз.

Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық шабыт, толайым табыс, жаңа идеялар мен жарқын жобалар тілейміз! Қаламдарыңыз қарымды, еңбектеріңіз жемісті, мәртебелеріңіз биік болсын!