Сайт бойынша іздеу
«Щелкунчик» маусымы ашылды!

13-14 желтоқсан күндері «Астана Балет» театрында Қазақ ұлттық хореография академиясының білім алушыларының қатысуымен «Щелкунчик» спектаклінің премьерасы өтті, сондай-ақ Ресейдің Мәскеу қаласындағы Үлкен театрдың премьері және прима-балеринасы Артем Овчаренко мен Елизавета Кокорева өнер көрсетті.

19-31 желтоқсан аралығында «Астана Балет» театрының сахнасында әйгілі сиқырлы спектакльде Академияның білім алушылары өнер көрсетуді жалғастырады.

Жыл сайын Академияның білім алушылары өз рөлдерін ерекше жауапкершілікпен және тебіреніспен орындап, қойылымға жылулық пен көркемдік сыйлайды.

Бұл – балалар арманына толы әлемге саяхат: мұнда ғажайыптарға толы қыс, ал әрбір би шынайы сезіммен өріледі. Академияның жас әртістері мерекелік көңіл күйді осы ертегінің рухына аса жақын нәзіктік пен тазалық арқылы жеткізеді.

Рождество мен Жаңа жылдың атмосферасына бірге бөлену үшін сіздерді спектакльде күтеміз!