Қазақ ұлттық хореография академиясының оқу театрында Қазақстанның Халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған концерт-әдеби кеш өтті.
Қонақтар орындарына жайғасып жатқанда, сахнадағы тұрған рояльде композитордың портреті фонында Шәмші Қалдаяқовтың шығармалары орындалды.
Қазақтың әйгілі композиторына арналған кештің ерекшелігі — онда би өнерінің сұлулығы, музыканың ұлы қуаты және Академия шәкірттерінің таланты үйлесім тапқан еді.
Сахнада Шәмші Қалдаяқовтың ең танымал шығармалары шырқалды, олардың ішінде – Қалдаяқовтың өмірлік романтикасымен байланысты сыған мотивтері, попурри, вальстер, сондай-ақ қазір Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні болып табылатын «Менің Қазақстаным» әні бар. Бағдарламада сондай-ақ Шәмші Қалдаяқовтың өмірінен архивтік кадрлар мен Академия тәрбиеленушілерінің шағын театрлық көріністері ұсынылды.
Мұндай тағылымды іс-шаралардың өскелең ұрпақты тәрбиелеуде терең мәдени әрі тарихи маңызы зор.