Сайт бойынша іздеу
Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері «Жастар жалыны – 2026» байқауының жүлдегері атанды

2026 жылдың 15-16 қарашасында Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері қатысқан «Жастар жалыны – 2026» жастар байқауы өтті.

Байқау қорытындысы бойынша Академия студенттері жоғары орындаушылық шеберлігін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:

  • Хореография факультеті - «Ұлттық билер» номинациясы бойынша I орын.
  • Өнер факультеті - «Заманауи билер» номинациясы бойынша II орын.

Студенттерді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық табыс, шабыт пен жаңа жеңістер тілейміз!