2025 жылғы 22 қарашадан бастап Қазақ ұлттық хореография академиясында орта және қосымша білім беру ұйымдарының оқытушылары үшін көлемі 72 сағат «Халықтық-сахналық биді оқыту теориясы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстары басталады. Бағдарлама Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламаларының тізбесіне енгізілген.
Курсты Академияның тәжірибелі педагогтері жүргізеді:
Алишева Алила Турсумбаевна – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, қауымдастырылған профессор, өнертану доценті, ТМД ПАК «Мәдениет пен өнерді дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісінің иегері, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім министрлігінің «Ғылым мен білімге қосқан үлесі үшін» белгісінің иегері, мақалалардың, кітаптардың, оқу-әдістемелік еңбектердің, оның ішінде «Халықтық-сахналық би» оқу құралының авторы. Абдулина Назира Сарсебаевна – Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері, «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасының иегері, халықтық-сахналық би бойынша үлгілік оқу бағдарламаларының авторы.
Дон Гульмира Сергеевна – Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері, «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасының иегері, халықтық-сахналық би бойынша үлгілік оқу бағдарламаларының авторы.
Сайфулллина Гульмира Набиулаевна – «Мәдениет саласының үздігі» медалінің иегері.
Құны 50 000 теңге.
Барлық сұрақтар бойынша келесі телефондар арқылы хабарласуға болады: 8 (7172) 798582, 87784346365.