Сайт бойынша іздеу
Ғылым апталығы – 2026 салтанатты түрде қорытындыланды

2026 жылғы 17 сәуірде Қазақ ұлттық хореография академиясы базасында Ғылым апталығы – 2026-ның салтанатты жабылу рәсімі өтті.

Іс-шара барысында конференциялар, дәрістер, байқаулар және пікірталас алаңдарын біріктірген ғылыми бағдарламаның қорытындылары шығарылды. Құттықтау сөзбен және марапаттау рәсімімен Академия проректоры Айгүл Есентемирова сөз сөйледі. Ректордың атынан Академия профессорлары мен оқытушыларына Ғылым апталығына белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттар табысталды.

Бағдарламаның ерекше бөлігі ретінде «Үздік арт-жоба» және «Үздік постерлік баяндама» байқауларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталып, барлық конкурс қатысушылары сертификаттарға ие болыд.

«Үздік постерлік баяндама» конкурсының жеңімпаздары (бітіруші курс магистранттары арасында):

1 орын – Ержан Дүйсенбай

«Қазіргі заманғы биді оқытудың әдістемелік принциптері (Мерс Каннингем шығармашылығы мысалында)»

Ғылыми жетекшісі – өнертану кандидаты, профессор Гүлнар Саитова.

2 орын – Нұралем Даниярбеков

«Қазіргі кезеңдегі спорттық-балдық бидің техникалық және әлеуметтік-көркем мазмұны»

Ғылыми жетекшісі – педагогика ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Күлбекова.

2 орын – Серік Сариев

«Қазақстан би өнерін дамытудағы алғашқы орындаушылардың үлесі»

Ғылыми жетекшісі – өнертану кандидаты, профессор Ізім Тойған Оспанова.

3 орын – Ильяс Нұрғазинов

«Музыкалық индустриядағы инновациялық технологиялар: ЖИ-композициялар және цифрлық құралдар»

Ғылыми жетекшісі – экономика ғылымдарының докторы, профессор Александр Пягай.

«Үздік арт-жоба» байқауының жеңімпаздары:

1 орын – Нұрлыай Гайнолла

«ART TIME»

Ғылыми жетекшісі – саясаттану ғылымдарының кандидаты, доцент Алма Қасымова.

2 орын – Наргиза Исаканова

«ARTFLOW»

Ғылыми жетекшісі – Александр Пягай.

2 орын – Рауза Асылбекқызы

«ALQA SAZ» музыкалық жобасы

Ғылыми жетекшісі – Айгүл Жұматаева.

3 орын – Талшын Жарасова

«MINI HELPER»

Ғылыми жетекшісі – Александр Пягай.

Күннің қорытындысында Ғылым апталығы – 2026 жалпы нәтижелері жарияланды. Бұл кезең практикаға бағдарланған білімнің маңызын, оның кәсіби қалыптасудағы және шығармашылық әлеуетті дамытудағы рөлін айқындады.

Ғылым апталығы – 2026 Академияның ғылыми қауымдастығын нығайтып, зерттеу идеяларын таныстыруға және академиялық тәжірибе алмасуға арналған маңызды алаң болды.