Сайт бойынша іздеу
Қазақ ұлттық хореография академиясында Мұғалімдер күніне орай ұстаздар қауымы марапатталды

Бүгін кәсіби мереке – Мұғалімдер күніне орай Қазақ ұлттық хореография академиясының кәсіптік білім беру мектеп-колледжі педагогтері мен қызметкерлері білім беру және мәдениет саласын дамытуға қосқан үлесі үшін жоғары ведомстволық марапаттарға ие болды.

Жемісті еңбегі, жоғары педагогикалық шеберлігі және өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі елеулі жетістіктері үшін кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің әдіскері Назира Абдулина Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар, кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің жалпы білім беретін пәндер бойынша пәндік-циклдық комиссиясының мұғалімі Әсем Кәрім Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен атап өтілді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен арнайы пәндер бойынша пәндік-циклдық комиссияның оқытушысы Айдар Ахмадиев және жалпы білім беретін пәндер бойынша пәндік-циклдық комиссияның оқытушысы Асима Ахметова марапатталды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Алғыс хатымен арнайы пәндер бойынша пәндік-циклдық комиссияның оқытушысы Элеонора Жумадьярова мен концертмейстерлік шеберлік және фортепиано бөлімшесінің концертмейстері Залина Назарова марапатталды.

Академия ұжымы әріптестерді марапаттарымен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, шығармашылық шабыт және кәсіби қызметте толағай табыстар тілейді!