Сайт бойынша іздеу
Академияда шетелдік студенттермен көші-қон заңнамасын түсіндіру бойынша ақпараттық кездесу өтті

2025 жылдың 16 қыркүйегінде Академия қабырғасында шетелдік студенттер мен оқытушыларға Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын түсіндіруге арналған ақпараттық кездесу өтті.

Бүгінгі таңда Академияда Ресей, Қырғызстан, АҚШ, Жапония, Өзбекстан, Қытай және басқа елдерден келген 23 шетелдік студент білім алуда. Олардың кейбірі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында келген.

Халықаралық ынтымақтастық және қоғаммен байланыс бөлімінің жетекші маманы Досмағанбетова М.К. Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі «Халықтың көші-қоны туралы» Заңы мен 2016 жылғы 30 желтоқсандағы «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Заңының негізгі талаптарын түсіндірді. Соңғы заң биылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген.

Бөлім мамандары тұрақты түрде шетелдік студенттерді көші-қон органдарына тіркеу, уақытша тұруға рұқсат алу және елде болу мерзімдерін сақтау бойынша жұмыстар жүргізуде. Сонымен қатар, шетел азаматтарына ұзақ мерзімді виза алу үшін визалық қолдау нөмірін алу бойынша құжаттар тапсырылып отырады.