Қазақ ұлттық хореография академиясы базасында студенттерге арналған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған «Халықтық Конституция құндылықтарын түсіндіру және насихаттау бойынша зияткерлік-ағартушылық онкүндіктер» тақырыбында ашық дәріс өтті.
Дәріс ақпараттық-ағартушылық жұмысты жүргізуге, сондай-ақ білім алушылардың құқықтық сауаттылығын және азаматтық жауапкершілігін арттыруға бағытталды.
Кездесу барысында қатысушылар енгізілген түзетулердің негізгі ережелерін, олардың құқықтық және әлеуметтік маңызын талқылады.
Мұндай іс-шараларды Академия қабырғасында өткізу жастар арасында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді.