Сайт бойынша іздеу
Академияда «Reading Man» танымдық ойыны өтті

Ұстаздар күніне орай Қазақ ұлттық хореография академиясының кітапханасында білім алушылар арасында оқу мәдениетін насихаттауға арналған «Reading Man» атты интеллектуалдық ойын ұйымдастырылды.

Шараның бірнеше мақсаты болды: білім алушылардың танымдық қызығушылығын дамыту, олардың ой-өрісін кеңейту және педагогтар мен шәкірттер арасындағы серіктестік пен достық қатынастарды нығайту.

Ойынға қатысушылар әртүрлі сұрақтарға жауап бере отырып, әдебиет білімімен қатар логика мен тапқырлықтарын сынады. Мұғалімдер мен білім алушылардың бірге қатысуы шараға ерекше командалық рух пен ынтымақтастық атмосферасын сыйлады.

«Reading Man» тек қана интеллектуалдық жарыс қана емес, сонымен бірге кітап мерекесіне айналып, көптеген балаларды оқуға деген ынтасын арттыруға шабыттандырды. НЗМ кітапханаларының тәжірибесіне негізделген осындай бастамалар оқу – сәнді, пайдалы әрі жаңа нәрселерді үйренуге құштар жас ойларды біріктіретінін тағы бір мәрте дәлелдейді.