Сайт бойынша іздеу
Латвия мамандарының шеберлік сабақтары Академияда өтті

2–3 қарашада Қазақ ұлттық хореография академиясында латвиялық хореографтардың қатысуымен шеберлік сабақтары өтті.

Сапар Erasmus+ бағдарламасы және Қазақ ұлттық хореография академиясы мен Латвия мәдениет академиясы арасындағы көпжылдық ынтымақтастық аясында ұйымдастырылды. Делегация құрамына «Veizana Dance School» би мектебінің директоры, педагогика ғылымдарының докторы Эдмундс Вейзанс, сондай-ақ оқытушылар Анастасия Ясвина мен Нормундс Пурвинскис кірді.

Сапар бағдарламасы Hip-Hop, Waacking, Contemporary Dance техникалары бойынша заманауи би бағыттарына, сондай-ақ Латвия мәдениеті туралы дәрістерге бағытталды.

Академия ректоры Бибігүл Нүсіпжанова осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті:

  • «Біздің студенттер мұндай кездесулерді әрқашан асыға күтеді, өйткені мұндай әрбір сапар — бұл жаңа білім мен кәсіби көкжиекті кеңейту. Бұл тәжірибе алмасу екі жақты тиімді жұмыс істейді: сол сияқты біздің тәрбиеленушілеріміз Латвияға тағылымдамаға барған кезде, баға жетпес білім қорымен оралады», - деді ол.

Өз кезегінде, Эдмундс Вейзанс сапардан алған әсерлерімен бөлісті:

  • «Академияда керемет, өте жылы атмосфера орнаған, ал инфрақұрылым мен жабдықталу деңгейі жай ғана тамаша. Астана – ғажайып, таңғаларлық әсем қала. Біз көп нәрсені көріп үлгердік, экскурсияларда болдық, сондай-ақ «Астана Балет» және «Астана Опера» театрларына бардық», - деді ол.

Тараптар әрі қарай серіктестікті дамытуға, академиялық алмасуларды жалғастыруға және болашақта жаңа сапарлар ұйымдастыруға мүдделілік танытты.