Қазақ ұлттық хореография академиясында әкімшілік-басқару персоналы үшін «Заң және Тәртіп: әркімнің жауапкершілігі — жалпы қауіпсіздіктің негізі» атты оқыту семинары өтті. Спикер болып Академияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы Мағрифа Қайырбекова сөз сөйледі. Іс-шара ұжымның құқықтық мәдениетін арттыру, орындаушылық тәртіпті нығайту және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына мүлдем төзбеушілік қатынасты қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, мүдделер қақтығысын болдырмау және қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдалануға жол бермеу мәселелерін талқылады. Спикер кәсіби әдеп нормаларын қатаң сақтауға, мемлекеттік мүлікке ұқыпты қарауға және дербес деректермен әрі қызметтік құжаттамамен жұмыс істеу кезінде ақпараттық қауіпсіздік талаптарын орындауға ерекше назар аударды.
Мұндай іс-шараларды өткізу Академияның күнделікті қызметінде парасаттылықтың, заңдылықтың және ашықтықтың жоғары стандарттарын жүйелі түрде ұстануға бағытталған.