2026 жылғы 9-14 қаңтар аралығында Қазақ ұлттық хореография академиясында Академия қызметкерлері мен оқытушыларына арналған «Қысқы мектеп» аясында іс-шаралар циклі өтеді. Аталған шара кәсіби құзыреттілікті арттыруға, тұлғалық және коммуникативтік дағдыларды дамытуға, сондай-ақ қызметтің әртүрлі салаларындағы білімді кеңейтуге бағытталған.
«Қысқы мектеп» бағдарламасына коммуникациялық дағдыларды жетілдіруге бағытталған психологиялық тренингтер, тәжірибе алмасу және білім беру үдерісінің өзекті мәселелерін талқылау енгізілген.
Қысқы мектеп аясындағы барлық іс-шаралар қатысушылардың белсенді қатысуын, сабақтардың практикалық бағыттылығын және спикерлер мен тыңдаушылар арасындағы ашық диалогты көздейтін интерактивті форматта өткізілетін болады.