Сайт бойынша іздеу
Академия оқушылары Венадағы гастрольдік сапарға қатысты

Қазақ ұттық хореография академиясының 3/7-сынып оқушылары «Астана Балет» театрының әртістерімен бірге халықаралық сахнада өнер көрсетіп, Австрияның астанасы – Вена қаласына гастрольдік сапармен барып қайтты. Гастроль ағымдағы жылдың 3-9 қазаны аралығында Wiener Stadthalle алаңында өтті.

Бағдарлама аясында Академияның жас білім алушылары Шығыс пен Батысты, дәстүр мен заманауилықты шебер ұштастыратын, сондай-ақ адалдық, адамзат жады мен рухтың үстемдігі тақырыптарын жарқын ашатын «Екі кілем» екі актілі балет қойылымына қатысты.

Беделді еуропалық сахнада өнер көрсету жас таланттардың кәсіби қалыптасуындағы маңызды белес болып, оларға бірегей сахналық тәжірибе сыйлады және отандық хореография мектебін шетелде лайықты таныстыруға мүмкіндік берді.