Сайт бойынша іздеу
Қазақстан ұлттық хореография академиясында Креатив индустриялар альянсы өкілдерімен кездесу

Бүгін Қазақстан ұлттық хореография академиясының өнер факультетінде Креатив индустриялар альянсы өкілдерімен кездесу өтті.

Қонақтар – Альянс Басқарма мүшесі, TransforNATION Impact-қорының жетекшісі, цифрлық трансформация және инновацияларды енгізу саласының сарапшысы Давид Туганов және SHŪ жобасының бас директоры, GCA үйлестірушісі, геймдизайнер, арт-директор және «Aruaqtar» комиксінің авторы Малика Игибаева – өз тәжірибелерімен бөлісіп, Қазақстандағы креатив салалардың даму бағыттары жайлы әңгімеледі.

Академия студенттері креатив индустриялардың бағыттары мен кластерлерімен танысып, геймдев, медиа және инновациялық жобалар саласындағы мүмкіндіктер туралы ақпарат алды. Мұндай кездесулер студенттерге шабыт беріп, өнер мен технологияның жаңа форматтарда тоғысып, кәсіби өсудің кең мүмкіндіктерін ашатынын көрсетеді.

Кездесу қорытындысы бойынша Академия мен Креатив индустриялар альянсы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді. Серіктестік аясында бірлескен білім беру жобалары мен шеберлік сабақтарын ұйымдастыру, сондай-ақ Академия студенттерінің Креатив индустриялар альянсына кіретін компанияларда кәсіптік практикадан өтуі жоспарлануда.