Сайт бойынша іздеу
Академияның докторантура түлектері докторлық диссертацияларын сәтті қорғады

Қазақ ұлттық хореография академиясында философия докторы (PhD) дәрежесін беру үшін «8D021 – Өнер» дайындық бағыты (D031 – Хореография, D034 – Өнертану білім беру бағдарламалары тобы бойынша) Диссертациялық кеңестің отырысы өтті.

Отырыс барысында Академия докторанттары «8D02107 – Өнертану» білім беру бағдарламасы бойынша докторлық диссертациялары сәтті қорғады:

  • Нурбосынова Балжан Айбековна «Қазақстанның цифрлық визуалды өнері мәдени коммуникация контекстінде» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын қорғады.

Ғылыми консультанттар:

  • Саитова Гульнара Юсуповна – өнертану кандидаты, профессор (Қазақ ұлттық хореография академиясы);
  • Чичилейшвили Майя Константиновна – өнертану докторы, профессор (Батуми мемлекеттік өнер оқу университеті, Батуми қ., Грузия).

Ресми рецензенттер:

  • Шарипова Диляра Сафаргалиевна – өнертану кандидаты, қауымдастырылған профессор, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты бейнелеу өнері бөлімінің меңгерушісі (Алматы қ.);
  • Крыкбаева Сара Мукашевна – өнертану кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті кәсіптік білім беру кафедрасының меңгерушісі (Алматы қ.).

Аспандиярқызы Гаухар «Қазақ киносындағы кинооператордың авторлық стилінің қалыптасуы мен дамуы» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын қорғады.

Ғылыми консультанттар:

  • Джумасеитова Гульнара Тазабековна – өнертану кандидаты, профессор, өнертану және арт-менеджмент кафедрасының меңгерушісі (Қазақ ұлттық хореография академиясы);
  • Биргит Боймерс – философия докторы (PhD), профессор (Пассау университеті, Германия).

Ресми рецензенттер:

  • Абикеева Гульнара Ойратовна – өнертану докторы, «Тұран» университетінің «Turan Film Academy» жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры (Алматы қ.);
  • Мурсалимова Гульнара Амангельдиновна – өнертану кандидаты, Темірбек Жургенов атындағы ҚазНАИ кино тарихы және теориясы кафедрасының доценті (Алматы қ.).

Екі диссертациялық жұмыс та Қазақ ұлттық хореография академиясының өнертану және арт-менеджмент кафедрасында орындалды. Диссертациялық кеңестің жұмысына өнертану саласындағы жетекші отандық және шетелдік ғалымдар қатысты.

Қазақ ұлттық хореография академиясының ұжымы Балжан Айбековна Нурбосынова мен Гаухар Аспандиярқызын докторлық диссертацияларын сәтті қорғауымен шын жүректен құттықтайды, оларға алдағы уақытта шығармашылық және ғылыми табыстар, жаңа жетістіктер мен жемісті кәсіби қызмет тілейді!