Сайт бойынша іздеу
«TEMPS LIÉ» фестивалінің сахнасында шетелдік балет мектептері өз қойылымдарын ұсынды

Астанада «TEMPS LIÉ» хореографиялық оқу орындарының IV халықаралық фестивалінің екінші күні өтті. Бағдарлама аясында халықаралық қонақтардың қатысуымен баспасөз конференциясы және әлемнің түрлі елдерінен келген жетекші хореографиялық оқу орындарының білім алушылары классикалық және заманауи қойылымдарын ұсынған Гала-концерт ұйымдастырылды.

Күннің басты оқиғасы фестивальдің шетелдік қатысушыларын біріктірген Гала-концерт болды. Оған Қытай, Ресей, Қазақстан, Бразилия, Венгрия, Моңғолия, Қырғызстан және Өзбекстанның балет мектептері мен академияларының өкілдері қатысты.

Гала-концерт бағдарламасында төмендегідей қойылымдар ұсынылды:

Бейжің би академиясы (Қытай)

  • П. Гертельдің «Бекер сақтық» балетінен па-де-де. А. Горскийдің хореографиясы, С. Головкина, М. Мартиросян және А. Радунскийдің редакциясында. Орындайтындар: Чжан Дэшихань және Янг Тяньюй.
  • «Цинь императорының әскерді шолуы» — цзяньчжоу барабандарының сүйемелдеуімен орындалатын халық музыкасы. Хореографы — Чэнь Вэйя (Chen Weiya).

Борис Эйфман би академиясы (Ресей)

  • «Жол» — И. Киреевтің музыкасына, хореографиясы және орындауы — Мартин Абжалимов.
  • П. И. Чайковскийдің «Аққу» шығармасы. Хореографы — Кристал Хуан. Орындаушы — София Сидорова.
  • «Қосарланған бейне» — Gabriel Saban және Anne-Sofie Versnaeyen музыкасына. Хореографиясы және орындауы — Виктория мен Милана Аксеновалар.

А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі (Қазақстан)

  • В. Цыбиннің «Корсар» балетінен Ланкедем вариациясы. М. Петипаның хореографиясы. Орындаушы — Бауыржанұлы Елжан.
  • Л. Минкустың «Дон Кихот» балетінен вариация. А. Горскийдің хореографиясы. Орындаушы — Бауыржанұлы Елжан.

Бразилиядағы Үлкен театр мектебі (Бразилия)

  • П.И.Чайковскийдің «Щелкунчик» балетінен па-де-де. В. Вайноненнің хореографиясы. Орындаушылар — Мария Эдуарда Оливейра Кабрал және Уэсли Карнейру де Жезус Санто.
  • С. Рахманиновтың «Көктемгі сулар» шығармасы. А. Мессерердің хореографиясы. Орындаушылар — Антониелли Эстигаррибия Паэс де Оливейра және Кауа Винисиус Феррейра.

Венгрия би университеті (Венгрия)

  • Рабакёз билері. Халық әуені. Хореографтары — Тюнде Реми және Янош Аппельшоффер. Орындаушылар — университет білім алушылары.
  • Мехкерек билері. Халық әуені. Хореографтары — Тюнде Реми және Янош Аппельшоффер. Орындаушылар — университет білім алушылары.

Өзбекстан Мемлекеттік хореография академиясы

  • «Сурнай Лазги» — халық әуені. Хореографы — Ойимжон Собурова. Сурнайда жеке орындау — Шерзод Машарипов.
  • «Доира завқи» («Дойраның сиқыры»). С. Турсунхўжаеваның музыкасы. Хореографы — Гульмира Мадрахимова.

Моңғолия мемлекеттік консерваториясы (Моңғолия)

  • Л. Минкустың «Дон Кихот» балетінен Амур вариациясы. М. Петипаның хореографиясы. Орындаушы — Мичид Одбаяр.
  • Д. Обердің музыкасына қойылған Үлкен классикалық па. В. Гзовскийдің хореографиясы. Орындаушылар — Буртэ-Ужин Даваадорж және Анар Уен.
  • Р. Дригоның «Арлекинада» балетінен адажио және кода. М. Петипаның хореографиясы. Орындаушылар — Учрал Баттувшин және Энх-Хуслэн Гантулга.
  • Л. Минкустың «Дон Кихот» балетінен Китри вариациясы. М. Петипаның хореографиясы. Орындаушы — Элбэрэл Ганзориг.

Ш. Базарбаев атындағы Бішкек хореографиялық училищесі (Қырғызстан)

  • «Бир элес» — Марат Жунушевтің музыкасына қойылған қырғыздың стильдендірілген биі.
  • «Көшпенділер». Қоюшы-сахналаушылар — Кеоне Мадрид, Айман Шакенова және Шолпан Шакенова. Музыка авторлары — Эмиль Ишен, Ержан Серикбаев және Глеб Мерзликин.

Фестивальдің екінші күні ұлттық хореографиялық дәстүрлердің сан алуандығын және жас әртістердің кәсіби даярлық деңгейінің жоғары екенін көрсетті. Сонымен қатар, хореографиялық білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын тағы бір мәрте айқындады.

«TEMPS LIÉ» фестивалі 22 қарашада өтетін «Академия түлектерінің жұлдызды жолы» атты қорытынды Гала-концертпен жалғасады. Бір сахнада әр буынның әртістері бас қосып, дәстүр сабақтастығын, орындаушылық шеберлікті және қазақстандық хореография мектебінің жетістіктерін паш етеді.