Сайт бойынша іздеу
Молдахметова Әлима Талғатқызы
Бөлім басшысы
ҚҰРМЕТТІ АТАҚТАРЫ, МАРАПАТТАРЫ

«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.

ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ / ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Академиялық дәрежесі: философия докторы (PhD), балетмейстерлік өнер кафедрасының доценті.

БІЛІМІ
  • 2007–2011 жж. – Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, бакалавриат, Алматы қ.
  • 2014–2016 жж. – Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, өнертану ғылымдарының магистрі, Алматы қ.
  • 2017–2020 жж. – Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, философия докторы (PhD), Алматы қ.
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ
  • Хирш индексі: 2.
  • Төрт философия докторын (PhD) даярлаған.
  • «Болашақ» бағдарламасының «500 ғалым» жобасының стипендиаты.
  • Ғылыми тағылымдама аясында Италияның Флоренция қаласындағы Libera Accademia di Belle Arti di Firenze (LABA) академиясында «Teaching and Learning in Creative Industries» («Шығармашылық индустриялардағы оқыту және білім алу») курстарынан өткен.
СОҢҒЫ 5 ЖЫЛДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЖАРИЯЛАНЫМДАРЫ
  • 10 ғылыми жарияланым (Scopus базасында – 2, ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдарда – 3, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда – 10), авторлық құқықты растайтын 2 куәлік.
  • «Түркі халықтарының би мәдениеті» ұжымдық монографиясының бірлескен авторы. Нұр-Сұлтан, 2021. – 380 б.
  • ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстанның хореографиялық өнері: тұлғалар, спектакльдер, ұжымдар» энциклопедиясын әзірлеу жөніндегі ғылыми жобасының қатысушысы. Астана, 2023. – 564 б.
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
  • С. Мұхамеджановтың «Жұмбақ қыз» операсындағы би қойылымдары, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры (2023 ж.).
  • Қ. Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрындағы «Ромео мен Джульетта» спектаклінің би қойылымдары (2022 ж.).
  • «Құлансаз» ансамблінде қазақ биін сахналау (2023 ж.).
ҚҰРМЕТ ГРАМОТАЛАРЫ / АЛҒЫС ХАТТАРЫ
  • Студенттерді республикалық пәндік олимпиадаға дайындағаны үшін ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Ғ. І. Көбеновтің алғыс хаты (2025 ж.).
  • Білім министрі А. Аймағамбетовтің алғыс хаты (2025 ж.).