Баланың физикалық деректері мен оның денесінің пропорциялары фотосуреттер бойынша алдын ала бағаланады. Фотосуреттерді баланың бойымен және қатаң түрде төмендегі фотосуреттердің бұрыштарына және талаптарына сәйкес түсіру керек.
Фото бойынша алдын ала қараудан өткен балалар 4 сыныпқа (ҚР басқа өңірлерінде тұратын балалар үшін) түсу емтихандарын тапсыру үшін Қазақ ұлттық хореография академиясына (Астана қ.) шақырылатын болады.
Ескерту: фото бойынша алдын ала қарауға Астана қаласында тұратын балалар қатыса алмайды. Ата-аналар балаларын алдын ала қарауға жазып, Хореография академиясына келуі керек.