Хореография академиясы өнер саласындағы мамандандырылған мектебіне (1-4 сыныптарға) оқуға түсетін балалар алдымен алдын ала іріктеуден өтеді, онда арнайы пәндердің жетекші оқытушылары баланың табиғи кәсіби деректері, физикалық деректері деңгейін бағалайды, оның оқу келешегі мен дамуы бойынша ұсынымдар береді.
1-3 сыныптарға Астана қаласында тұратын балалар қабылданады.
4-сыныпқа Қазақстанның барлық өңірлерінен балалар қабылданады.
Алдын ала іріктеу келесі форматтарда өтеді:
- Хореография Академиясында балалардың табиғи кәсіби (функционалдық) деректерін визуалды көру және тексеру. Академияда іріктеу аптасына екі рет кестеге сәйкес алдын ала жазылу бойынша 1-4 сыныптарға түсетін және Астана қаласында тұратын балалар үшін жүргізіледі.
- Қазақстан Республикасының өңірлерінде көшпелі комиссияның (балалардың табиғи кәсіби (функционалдық) деректерін (3-сынып оқушылары үшін) визуалды көруі және тексеруі.
Алдын ала іріктеуден өткен талапкерлер Астанада өтетін қабылдау емтихандарына қатысуға жіберіледі. Академияға білім алушыларды қабылдау табиғи деректері, дене бітімі бар тұлғаларды анықтау мақсатында конкурстық негізде жүргізіледі. Оқуға түсетін балалар алдын ала іріктеуден тек бір рет өтеді, балаларға іріктеуден қайта өтуге рұқсат етілмейді.
Алдын ала іріктеуге 6-10 жастағы балалар қатысады (ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балалар, сондай-ақ 10 жастан аспаған балалар). Алдын ала іріктеу ақпаннан маусымның ортасына дейін өткізіледі.
Алдын ала іріктеу комиссиясының құрамы баланың табиғи кәсіби деректер деңгейін, морфофункционалдық ерекшеліктерін бағалайтын және оқу келешегі бойынша ұсынымдар беретін хореография пәндер оқытушыларынан тұрады.
Комиссия табиғи деректер мен кәсіби қабілеттерді келесі критерийлер бойынша анықтайды және бағалайды:
- дене бітімі (жалпы сипаттама);
- болашақ әртістің сыртқы келбеті және сахналық келбеті (дененің физиологиялық үйлесімділігі, сыртқы келбеті);
- аяқтың айналымдылығы (сыртқа қарату);
- көтерілу;
- қадам;
- иілгіштік;
- секіру.
Академияда алдын ала іріктеуге қатысатын балалардың киім формасы: сыртқы киімі ата-аналарының қалауына қарай, қыздар үшін – дене түсті іш киім, ұлдар үшін қара іш киім. Қыздар шаштарын түйіп қояды.
Оқуға түсетін бала алдын ала іріктеуден өткенде келесі позициялар бойынша бағаланады: