Хореография академиясының кәсіптік білім беру мектеп-колледжіне «Балет әртісі» біліктілігінің «Хореография өнері» мамандығы бойынша (5-сыныпқа) түсетін балалар бірінші кезекте алдын ала іріктеуден өтеді, онда хореографиялық пәндердің жетекші оқытушылары табиғи кәсіптік деректердің, физикалық деректердің деңгейін бағалайды, оқыту перспективасы және баланың дамуы бойынша ұсыныстар береді.
5-сыныпқа Қазақстанның барлық өңірлерінен балалар қабылданады.
Алдын ала іріктеу келесі форматтарда өтеді:
- Хореография академиясында балалардың табиғи кәсіби (функционалдық) деректерін визуалды көру және тексеру. Академияда іріктеу аптасына екі рет кестеге сәйкес алдын ала жазылу бойынша 5 сыныпқа түсетін және Астана қаласында тұратын балалар үшін жүргізіледі.
- Қазақстан Республикасының өңірлерінде көшпелі комиссияның балалардың табиғи кәсіби (функционалдық) деректерін (4-сынып оқушылары үшін) визуалды көруі және тексеруі.
Алдын ала іріктеуден өткен талапкерлер Астанада өтетін қабылдау емтихандарына қатысуға жіберіледі. Академияға білім алушыларды қабылдау табиғи деректері, дене бітімі бар тұлғаларды анықтау мақсатында конкурстық негізде жүргізіледі. Оқуға түсетін балалар алдын ала іріктеуден тек бір рет өтеді, балаларға іріктеуден қайта өтуге рұқсат етілмейді.
Алдын ала іріктеуге 9-11 жас аралығындағы балалар қатысады. Алдын ала іріктеу ақпан айынан маусым айының аяғына дейін өткізіледі.
Алдын ала іріктеу комиссиясының құрамы баланың табиғи кәсіби деректер деңгейін, морфофункционалдық ерекшеліктерін бағалайтын және оқу келешегі бойынша ұсынымдар беретін хореография пәндер оқытушыларынан тұрады.
Комиссия табиғи деректер мен кәсіби қабілеттерді келесі критерийлер бойынша анықтайды және бағалайды:
- дене бітімі (жалпы сипаттама);
- болашақ әртістің сыртқы келбеті және сахналық келбеті (дененің физиологиялық үйлесімділігі, сыртқы келбеті);
- аяқтың айналымдылығы (сыртқа қарату);
- көтерілу;
- қадам;
- иілгіштік;
- секіру.
Академияда алдын ала іріктеуге қатысатын балалардың киім формасы: сыртқы киімі ата-аналарының қалауына қарай, қыздар үшін – дене түсті іш киім, ұлдар үшін қара іш киім. Қыздар шаштарын түйіп қояды.
Оқуға түсетін бала алдын ала іріктеуден өткенде келесі позициялар бойынша бағаланады: