Видео бойынша алдын ала қарау шаралары Қазақ ұлттық хореография академиясында (бұдан әрі – Академия) «Хореография өнері» мамандығының «Балет әртісі» біліктілігі бойынша оқуды жалғастыруға ниет білдіретін кәсіптік хореографиялық оқу орындарының оқушылары үшін өткізіледі.
Видео бойынша алдын ала қараудан өткен тұлғалар Академияға (Астана қ.) бюджеттік орындар болған жағдайда ауысу мүмкіндігін бағалау мақсатында іріктеу шарасына шақырылады.
Үміткерлер бейне материалдарды төмендегі нұсқауларға сәйкес түсіріп, оны admissions@balletacademy.kz электронды мекен-жайына жіберуі керек. Хатта білім алушының аты-жөнін, жасын, бойы мен салмағын, оқыту сыныбын, оқыту тілі, оқу орнын міндетті түрде көрсетіңіз. Жауап 2-3 апта ішінде жіберіледі.