6B02106 Арт-менеджмент
6B02106 Арт-менеджмент білім беру бағдарламасында терең білімі бар, мәдениет саласындағы өнер теориясы мен басқару әдістерінің негіздерін түсінетін, сондай-ақ қазақстандық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандар ие болуы тиіс кәсіби құзыреттіліктерді меңгерген жоғары білікті өнер бакалаврларын даярлау жүзеге асырылады.
Білім алушыларға бизнес пен арт-менеджменттің міндетті құралдарын игеруге бағытталған пәндерден басқа, отандық және шетелдік балет театрының тарихын меңгеру, хореографиялық өнердің негізгі стильдері мен жанрларын зерделеу, әлемдік өнердің, театр және музыка өнерінің тарихы мен теориясы бойынша білім алу ұсынылады.
Терең білімі бар, мәдениет саласындағы өнер теориясының негіздері мен басқару әдістерін түсінетін, сондай-ақ қазақстандық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандар меңгеруі тиіс кәсіби құзыреттерді меңгерген жоғары білікті өнер бакалаврларын даярлау.
бағдарлама туралы толығырақҰйымдастыру-басқару қызметі:
Ақпараттық-талдау қызметі:
Кәсіпкерлік қызмет:
Көркемдік-шығармашылық қызмет:
Арт-менеджмент – өнер саласындағы басқару; өнер саласындағы кәсіпкерліктің мүмкіндіктерін іске асыру жөніндегі қағидаттар, әдістер, құралдар жиынтығы. Кәсіби өнер менеджментінің негізі ұйым (театр, филармония, продюсерлік орталық және т.б.) болып табылады, оның тиімділігі дұрыс табылған модельге, сондай-ақ менеджердің жеке басына және кәсіби дайындығына байланысты. Арт-бизнестің әр бағыты өзінің басқару модельдеріне және оның тиімділік критерийлеріне ие.
Білім алушыларға бизнес пен арт-менеджменттің міндетті құралдарын игеруге бағытталған пәндерден басқа, отандық және шетелдік балет театрының тарихымен танысуға, хореографиялық өнердің негізгі стильдері мен жанрларын зерделеуге, әлемдік өнердің, театр және музыка өнерінің тарихы мен теориясы бойынша білім алуға шақырылады.
бағдарлама туралы толығырақШығармашылық емтихан тапсыратын талапкерлерден өтініштерді қабылдау Академияда күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 7 шілдесі аралығында жүзеге асырылады.
Шығармашылық емтихан 1 – арт-жобаның презентациясы
Шығармашылық емтихан 2 – билеттер бойынша ауызша емтихан.
Ұсынылатын арт-жоба міндетті түрде Қазақстанның өнері мен мәдениетімен байланысты, концепциясы жағынан жаңа, өз бетінше әзірленген болуы тиіс, сондай-ақ идеяның өзіндік ерекшелігі мен шынайылығын қамтуы қажет. Арт-жобаны қорғауға қойылатын талаптар: материалды ауызша және жазбаша сауатты баяндау, арт-менеджмент құралдарын (сипаттама, смета, кестелер, жоспарлар және т.б.) пайдалану.
Күнтізбелік жылдың 6 шілдесіне дейін талапкер келесі параметрлер бойынша шығармашылық жобаның (арт-жобаның) презентациясын және 3 беттен аспайтын жазбаша негіздемесін (A4 форматы) ұсынады: беттердің бағдарлануы – кітаптық, қаріп – Times New Roman, шрифт өлшемі – 14, жоларалық интервал – 1, абзацтық шегініс – 1,0 см, мәтінді ені бойынша туралау, барлық жақтағы өрістер – 2,0 см. Жоба мен негіздеме электронды түрде Академияның қабылдау комиссиясының электронды поштасына (admissions-vpo@balletacademy.kz) жіберіледі. Жобаны және негіздемені алдын ала қарау қорытындысы бойынша комиссия мүшелері талапкерге шығармашылық емтихандарды тапсыруға рұқсат береді.
Ауызша форматта, түлекке алдын ала ауызша емтиханға дайындық үшін сұрақтар тізімі беріледі. Шығармашылық емтихан қабылдау барысында түлектердің жалпы мәдени деңгейі, әлеуметтік-мәдени қызметке деген ынтасы, коммуникативтік мәдениеті, эстетикалық көзқарасы, қазіргі заманғы өнер мен мәдениетке бағдары, қызығушылық шеңбері, мәдениет саласындағы менеджменттің негізгі білімдері, әлемдік және ұлттық өнер тарихы, әйгілі театр ұжымдарының даму тарихы, атақты композиторлар мен суретшілердің өмірі мен шығармашылығы туралы білімдері, сондағы болашақ қызметтің мүмкін болатын түрлері туралы кәсіби түсінігі анықталады.
Консультациялар дәстүрлі және (немесе) онлайн форматта өтілуі мүмкін. Түлектердің шығармашылық емтиханға дайындығы үшін арт-жобаны және жазбаша негіздемені қалай безендіру керектігі, шығармашылық емтихандарды тапсыру тәртібі (емтихандардың басталуы мен аяқталуы, нәтижелерді жариялау уақыты мен орны, аппеляциялық тәртіп) түсіндірілетін консультациялар ұйымдастырылады. Шығармашылық емтиханға дайындық бойынша консультацияларға қатысу міндетті.
Апелляциялық шағым арнайы немесе шығармашылық емтиханды тапсырған адамның өзі арқылы апелляциялық комиссияның төрағасының атына беріледі. Шағым арнайы немесе шығармашылық емтиханның нәтижелері жарияланған күннен кейінгі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және апелляциялық комиссиямен бір күн ішінде қарастырылады.
Академияға республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен оқуға түскен студенттерді қабылдау комиссиясы қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде оқыту үшін жыл сайын 10 тамыздан 25 тамызға дейін академия ректоры немесе оның міндетін атқарушының бұйрығымен жүзеге асырады.
Мемлекеттік грант негізінде оқуға түскен Қазақстан Республикасы азаматтары Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 36 айды құрайтын жұмыспен өтеу туралы шартқа қол қояды. Бұл шарт Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 11 тамыздағы «Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту туралы» №403 бұйрығындағы белгіленген тәртіппен жасалады.