Сайт бойынша іздеу
Асылмұратова Алтынай Абдуахимқызы
КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІ

Көркемдік жетекші


Сұрақ қою
өмірбаяны
Асылмұратова Алтынай Абдуахимқызы

РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ
РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ «ДОСТЫҚ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ «ПАРАСАТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ/ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ:

Доцент

БІЛІМІ:

1978 ж. – А.Я. Ваганова атындағы Ленинград академиялық хореографиялық училищесі, «хореография» мамандығы, «балет әртісі» біліктілігі;
2000 ж. – А.Я. Ваганова атындағы Орыс балет академиясы, «балет педагог-репетиторы, хореографиялық пәндер оқытушысы» біліктілігі.

ҚЫЗМЕТІ:

Алтынай Асылмұратова – балет әртісі және балет педагогы, Мариин театрының прима-балеринасы, Корольдік опера театрының (Ковент-Гарден) және Марсель Ұлттық балетінің шақырылған прима-балеринасы; Ресей халық әртісі, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры балет труппасының көркемдік жетекшісі, Қазақ ұлттық хореография академиясының көркемдік жетекшісі, Ваганова атындағы Ленинград хореографиялық училищесінің түлегі (И.Б. Зубковскаяның сыныбы).
1978 жылдан – С.М. Киров атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының (қазіргі Мариин театры) прима-балеринасы, классикалық репертуардың жетекші партияларын орындады.
1989 – 1993-Корольдік опера театрының (Ковент-Гарден) шақырылған прима-балеринасы, Лондон, Англия.
1995 – 1997 – Ролан Петидің Марсель Ұлттық балеті труппасының шақырылған прима-балеринасы (Марсель, Франция). Ла Скала театрында, Гранд Операда, Американдық балет театрында гастрольдік сапармен болды.
1999-2013 –А.Я. Ваганова атындағы балет академиясының көркемдік жетекшісі, проректоры, Санкт-Петербург, Ресей Федерациясы.
2013 – Михайловский театрының бас директорының кеңесшісі болып тағайындалды, Санкт-Петербург, Ресей Федерациясы.
2015 – «Астана Опера» театрының балет труппасының көркемдік жетекшісі болып тағайындалды, Астана, Қазақстан.
2016-2022 – Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры, Астана, Қазақстан.
2022 – Қазақ ұлттық хореография академиясының көркемдік жетекшісі болып тағайындалды, Астана, Қазақстан.

Марапаттары:

1983 – РСФСР еңбек сіңірген әртісі
1995 – «EveningStandard» беделді театр сыйлығының лауреаты
1998 – «Балтика» театр сыйлығының лауреаты
1999 – «Алтын софит» сыйлығының лауреаты
2019 – «Қазақстан Республикасының Құқық қорғау қызметіне 25 жыл» мерейтойлық медалі
2020 – «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерейтойлық медалі
2020 – «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медалі
2021 – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалі

СҰРАУ архиві