Сайт бойынша іздеу
Есентемирова Айгуль Маратовна

«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ХОРЕОГРАФИЯ АКАДЕМИЯСЫ» ШЖҚ РМК ПРОРЕКТОРЫ

өмірбаяны
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ/ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ:

Философия ғылымдарының докторы PhD, Қауымдастырылған профессор

БІЛІМІ:

«Еуразиялық гуманитарлық институт» (үздік диплом);
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті»;
Джордж Вашингтон университеті (The George Washington University) АҚШ, Вашингтон («500 ғалым» жобасы аясында «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері).

ҚЫЗМЕТІ:

2012-2016 жж. – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің білім беру стандарттары мен бағдарламалары басқармасының сарапшысы, білім беру мазмұны және кадрлар даярлау басқармасының сарапшысы, білім беру мазмұны және кадрлар даярлау басқармасының бас сарапшысы;
2016-2024 жж. – Оқытушы, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университеті президентінің кеңесшісі;
2016-2024 жж. – «ARQA» білім беру сапасын аккредиттеу және сараптау жөніндегі тәуелсіз агенттігі директорының орынбасары;
2024 жылдан бастап – Қазақ ұлттық хореография академиясының проректоры.

ЖАРИЯЛАНЫМДАРЫ:

35-тен астам ғылыми еңбектері жарық көрді, оның ішінде Scopus дерекқорында – 6, БҒСБК-ға кіретін журналдарда 14 мақала, монография – 3, Хирш индексі – 1.

МАРАПАТТАРЫ:

2015 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаты;
2023 - Қазақстан Республикасы Жоғары білім және ғылым министрлігінің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі;
2025 - Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрілігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі.

СҰРАУ архиві