12 сәуірде Қазақ ұлттық хореография академиясында екінші курс магистранттары арасында «Science slam – Үздік постерлік баяндама» байқауы өтеді. Байқау ғылым апталығына арналған іс-шаралар аясында өткізілетін болады. Аталмыш шараның мақсаты – бітіруші курс магистранттарының ғылыми-зерттеу қызметіндегі инновациялық жетістіктерін көрсету.
Постерлік баяндама – плакатты (постерді) немесе презентацияларды қолдана отырып, ғылыми деректерді хабарлаудың тиімді нысандарының бірі.
Өтетін орны: SCIENCE CAFE (462 аудитория).
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!