Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақ ұлттық биінің ғылыми-әдістемелік зертханасы Ұлттық би өнерінің әдістемесін зерделеу және талдау саласындағы ғылымға қызығушылық білдіретін оқытушыларға, жас ғалымдар мен студенттерге көмектесу мақсатында құрылды.   

Зертхананың жұмысы хореография өнері саласындағы ғылыми жобаларды әзірлеуге арналған. Сондай-ақ, Қазақ ұлттық биінің ғылыми-әдістемелік зертханасының жұмысы Қазақстанның хореография өнері саласында ғылыми жобалар  мен ғылыми еңбектерді басып шығаруға, мәдениет және өнер қайраткерлерімен тақырыптық шолулар мен әңгімелер өткізу арқылы материалдар жинауға көмектеседі.   

Қазақ ұлттық биінің ғылыми-әдістемелік зертханасында профессор-оқытушылар құрамының, студенттердің, магистранттар мен докторанттардың білімін жетілдіру мақсатында шеберлік кластары мен семинарлар өткізу үшін  хореография өнерінің еңбек сіңірген қайраткерлерін шақыру бойынша жұмыс жүргізіледі. 

Зертхананың ғылыми-шығармашылық нәтижелері әртүрлі деңгейдегі ғылыми жобаларға қатысу, әртүрлі деңгейдегі конкурстардағы жетістіктер, шығармашылық жобаларға қатысу болып табылады.

Зертхананың ғылыми жұмысының қызметіне бақылауды: хореография факультетінің деканы, ғылыми жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректор, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және редакциялық-баспа қызметі бөлімінің басшысы жүзеге асырады.

Қазақ ұлттық биінің ғылыми-әдістемелік зертханасының негізгі міндеттері:

1) мәдениет пен өнер және ғылым саласына білім беруді интеграциялау үшін жағдайларды қамтамасыз ету, оның ішінде жаңа білімді құру, жаңа технологияларды игеру, ғылыми мектептерді қалыптастыру және дамыту негіздері ретінде іргелі зерттеулерді басымды дамытуға ықпал ету; 
2) Академияның қазақ биі бойынша мамандарының әдістемелік және ғылыми қызметінің тұтас жұмыс жүйесін қалыптастыру; 
 3) Қазақстан Республикасының шығармашылық жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу жұмысының жоспарларына сәйкес іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер өткізу үшін ғылыми-әдістемелік деректер базасын құру; 
4) ғылыми-теориялық және практикалық зерттеулер өткізу және ендіруге, инновациялық технологияларды сынақтан өткізуге арналған эксперименталдық алаңдар құру;
5) студенттердің, магистранттар мен оқытушылардың ғылыми-зерттеу қызметінің дағдыларын қалыптастыруға көмектесу; 
6) қызмет түрлері ұқсас мекемелер мен ұйымдардың ғылыми байланыстарын кеңейту және нығайту; 
7) Академия қызметкерлері мен білім алушылары үшін корпоративтік мәдениет және қолайлы психологиялық ортаны дамытуға ықпал ету; 
8) оқытушылардың ұлттық хореография бойынша әдістемелік және ғылыми жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасау. 

Қазақ ұлттық би ғылыми-әдістемелік зертханасының ережесі

Яндекс.Метрика