ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Руханияттық өрісі биік Абай данышпан бабамыз өзінің тәжірибелік үлгісі арқылы қазақ халқына мәңгілік жолдау арнағандығы бәрімізге аян. Абай еліміздің рухани әлемінің ортасында орналасып болашақ ұрпаққа өзінің өркениеттікке ұмтылысын, идеяларын паш етті. Абай өз ғұмырының ақырына дейін қазақ балаларын оқуға, білім және ғылыммен айналысуға, рухани дамуға және әлемдік мәдениеттің құндылықтарын бойға жинауға шақырғанын білеміз. Ол туған халқын қараңғылықтың бұғауын бұзып, жарқын күндердің шуағына бөленетін жолдарды іздестіруге шақырды, тіршілік мақсаты мен мұраты ілім мен ғылымда деген берік тоқтамға келді.
Абай шығармашылығы тек қазақ халқының ғана мұрасы емес. Шетелдіктер қазақты Абай арқылы таниды, ақынның жырлары арқылы бағалайды. Оның жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттауға толы шығармалары бүкіл халықаралық қауымдастыққа жатады, әлемдік мәдениеттің бөлігі болып табылады.
Баршаңызды еліміздің күнтізбесінде мемлекеттік мереке болып енгізілген 10 тамыз Абай күнімен құттықтаймыз! Осыған орай, Сіздерге денсаулықтарыңыздың мықты болуын, білімде, ғылымда, өнерде толағай табыс, рухани дамудың биік өлшемін тілейміз!
Қазақ ұлттық хореография академиясының кітапхана ұжымы