2026 жылғы 24 сәуір күні Қазақ ұлттық хореография академиясының оқу театрында жыл сайынғы Uncover Show-2026 таланттар байқауы өтті.
Қатысушылармен қатар, шақырылған өнерпаздар да өнер көрсетіп, олардың нөмірлері іс-шараның көркін аша түсті. Олардың қатарында әнші Карима Шакен, актер Шыныбек Рахмаш (Шакензо) және әнші Әлішер Қарабай болды.
Uncover Show-2026 – шығармашылық бағыттағы талантты, батыл және креативті студенттерді біріктірген жарқын оқиға.
Қатысушылардың өнерін бағалауға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, өнертану доценті Алила Алишева, «Астана Опера» театрының жетекші солисі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Мадина Өнербаева, «Құрмет» орденінің иегері, хореография факультетінің деканы Айтолқын Тұрғынбаева, «Астана Балет» театры маркетинг бөлімінің жетекшісі Аннель Құсайынова, экономика ғылымдарының докторы, профессор Александр Пягай шақырылды.
Uncover Show-2026 таланттар байқауы – дәстүрлі іс-шара. Бұл күні сахна ерекше энергияға, эмоцияға және өнерге толы болады. Әрбір нөмір – қатысушылардың даралығы мен тереңдігін ашатын жеке бір оқиға.
Байқау бағдарламасында қатысушылар әртүрлі нөмірлер ұсынып, өз таланттарының жан-жақтылығын көрсетті: ән айтты, заманауи билер орындады, театрландырылған қойылым мен қатысушы жасаған киімдердегі дефиле көрсетті, музыкалық аспаптарда ойнады.
Іс-шара жас таланттарды ашуға және шығармашыл жастарды дамытуға арналған жарқын алаңға айналды.
Іс-шара атмосферасына қолдау көрсетіп, үлес қосқан шақырылған әртістерге ерекше алғыс білдіреміз:
Сондай-ақ байқауды дәмді әрі сәнді сүйемелдеумен қамтамасыз еткен серіктестерімізге алғыс айтамыз:
Uncover Show – бұл жай ғана байқау емес. Бұл – өзің болуға деген батылдық.