Жаңа оқу жылында оқу форматын түсіндіру бойынша сall-орталық номерлері: +7 (7172) 798-589 (КББ мектеп-колледжі), +7 (7172) 790-844 (ЖОО)
Виртуалды қабылдау: support@balletacademy.kz

Академия оқу процесімен қатар, Білім туралы заңды, Бала құқықтары туралы конвенцияны, Неке және отбасы туралы заңды, сондай-ақ басқа нормативтік актілер мен құжаттарды басшылыққа ала отырып, білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсетуді жүзеге асырады. 

Академияның әлеуметтік жұмысының мақсаты – жеке тұлғаның дамуы мен балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, қауіпсіз әлеуметтік орта құру, білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету.

Әлеуметтік жұмыстың негізі – Академия тәрбиеленушілерінің, әсіресе жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың; сондай-ақ көп балалы отбасылардан және мемлекеттік қолдауға мұқтаж отбасылардан шыққан балалардың дамуы үшін оңтайлы педагогикалық жағдайлар жасау. 

Білім алушыларды әлеуметтік қолдаудың бағыттары:

– білім алушыларға әлеуметтік көмек көрсетуге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау; 
– білім алушылардың негізгі әлеуметтік қажеттіліктері мен  проблемаларын зерделеу; 
– білім алушылардың әлеуметтік қорғалмаған санаттарымен жұмыс; 
– білім алушылардың әлеуметтік жеңілдіктер және төлемдермен қамтамасыз етілуін және алуын қадағалауды ұйымдастыру; 
– Академияның құрылымдық бөлімшелерінің білім алушыларды әлеуметтік қолдау шараларын қамтамасыз ету бойынша қызметін үйлестіру; 

– әлеуметтік-психологиялық қолдау; 
– Академия білім алушыларына материалдық және өзге көмек көрсету; 

– тегін алғашқы медициналық көмек ұсыну;   

– еңбек нарығына бейімделу процесінде студенттерге қолдау көрсету; 

– студенттердің оқудан тыс белсенділігін ынталандыру;

– рухани даму мақсатында білім алушылардың театрларға, көрмелерге баруын қамтамасыз ету. 

Оқу жылының басында тәрбие жұмыс және әлеуметтік мәселелер бөлімі білім алушылардың барлық контингентін  қамтитын  әлеуметтік пікіртерім өткізеді. Мұндай пікіртерімнің мақсаты білім алушылардың және олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік жағдайы туралы деректер жинау болып табылады. Деректерді талдау халықтың әлеуметтік осал санаттарына жататын және әлеуметтік көмекке мұқтаж тәрбиеленушілер туралы қажетті мәліметтерді қамтитын  Академияның Әлеуметтік паспортын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бүкіл әлеуметтік көмек Академия тәрбиеленушілеріне олардың отбасыларының әлеуметтік және материалдық жағдайы туралы мәліметтердің негізінде көрсетіледі. 

  

2017-2018 оқу жылында Академияда білім алушыларға әлеуметтік көмек келесі көлемде көрсетілді: 

–  жетім, қамқорлыққа алынған 2 тәрбиеленуші толықтай киіммен, нысанды киіммен, формамен, ыстық тамақпен және қалалық қоғамдық көлікте тегін жүру құқығымен қамтамасыз етілді; 

– Академияда оқитын және әлеуметтік қорғауға мұқтаж 19 бала ыстық тамақпен қамтамасыз етілді;  

– «Балет әртісі» мамандығының 1-3 курс студенттерінің кәсіптік даярлығын назарға ала отырып, сондай-ақ оларды қолдау мақсатында, қосымша 2017 жылдың желтоқсанынан бастап кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің 30 студенті Академияның жеке қаражаттары есебінен ыстық тамақпен қамтамасыз етілді;

– Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ 20 оқушыны оқу жылының соңына дейін қалалық қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру құқығымен қамтамасыз етті; 

– ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, 2017-2018 оқу жылының түлегіне толықтай әлеуметтік материалдық көмек көрсетілді;

 

2018-2019 оқу жылында  Академияның тәрбиеленушілері  келесі көлемде әлеуметтік көмекке ие болды:

– Академияның кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің 1-3 курстарының 32 студенті Академияның жеке қаражаттары есебінен 3 реттік ыстық тамақпен толықтай қамтамасыз етілді;

– кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің 1 студенті (қамқорлыққа алынған жетім) тегін тамақпен, киіммен, нысанды киіммен және қалалық қоғамдық көлікте тегін жүру құқығымен қамтамасыз етілді; 

–  әлеуметтік осал санаттарға жататын мектеп-колледждің 11 оқушысы мен 4 студенті республикалық бюджет қаражаты және Академияның жеке қаражаттары есебінен  жеңілдікті ыстық тамақпен қамтамасыз етілді; 

– бакалавриаттың 4 студенті мен кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің 8 студенті Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ бастамасы бойынша қалалық қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру құқығымен қамтамасыз етілді; 

Білім алушылардың бос уақыты мен сабақтан тыс уақытын ұйымдастыру мақсатында Академияда спорт және жаттығу залдары, жүзу бассейні,  шығармашылық үйірмелер, үй шаруашылығы кабинеті,  «English for Jastar» студенттерге арналған тіл клубы жұмыс істейді. Академия тәрбиеленушілері мұражайларға, театр премьераларына, кинопремьераларға, цирк қойылымдарына үнемі барып тұрады. 

Бұдан басқа, Академияда жасырын сауалнама  мен пікіртерімдер өткізу арқылы студенттер мен оқушылардың әлеуметтік қолдау шараларымен қанағаттанушылық дәрежесін байқауға мүмкіндік беретін әлеуметтік көңіл-күйіне мониторинг жүргізіледі. 

 

2019-2020 оқу жылында әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпараттандыру мақсатында халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарына жататын отбасылардан шыққан тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарына жеке консультациялар өткізілді. 

2019-2020 оқу жылының қорытындысы бойынша Академия тәрбиеленушілеріне келесі көлемдегі әлеметтік қолдау көрсетілді:  :

– қамқорлыққа алынған жетім балалар санатына жататын 3 білім алушы (кәсіптік білім беру мектеп колледжінің 2 курс студенті және 4 класстың 2 оқушысы) тегін тамақтану, киім, нысанды киім-кешек және қалалық қоғамдық көлікте тегін жүрумен қамтамасыз етілді; 

 –  әлеуметтік жағдайы төмен топтарға жататын мектеп-колледждің 16 оқушысы мен 3 студенті республикалық бюджет қаражаты және Академияның жеке қаражаты есебінен жеңілдікті ыстық тамақтанумен қамтамасыз етілді;

– Академияның кәсіптік білім беру мектеп колледжінде оқитын 1-3 курстардың 25 студенті 3-реттік жеңілдікті ыстық тамақтанумен қамтамасыз етілді (тамақтану құнының 80 %-і Академияның жеке қаражаты есебінен төленеді);

– бакалавриатта оқитын 2 студент пен кәсіптік білім беру мектеп колледжінің 10 студенті Астана қаласы әкімдігінің «Астана Жастары» КММ бастамасы бойынша қалалық көлікте жеңілдікпен жүру құқығымен қамтамасыз етілді. 

Тәрбиеленушілердің бос уақыты мен оқудан тыс уақытын ұйымдастыру аясында шығармашылық үйірмелер (оригами, кесте тігу, бисер өру), ауқымды кітап қоры бар кітапхана  жұмыс істейді. Академияның «Алтын ұя» тұрғын үй корпусында үй шаруашылығы кабинет жұмыс істейді, онда оқушылар аспаздық іс, ас ішетін үстелді жабдықтау және этикет ережелерін үйренеді.  Академия тәрбиеленушілері музейлерге, көрмелерге, театр премьераларына, кинопремьераларға, цирк қойылымдарына жиі барып тұрады.

Білім алушылардың қосымша дене даярлығын қамтамасыз ету үшін Академияда жүзу бассейні, жаттығу және спорт залдары бар. 

Волонтер жылы аясында 2019-2020 оқу жылында Академия тәрбиеленушілері мен ұжымының қатысуымен 4 қайырымдылық концерті өткізілді: «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ Қарттар күніне арналған концерт және «Жақсылық жаса» акциясы, «Дегдар» гуманитарлық қоры ұйымдастырған «Сиқырлық әуендері» фестивалі, «One world – One lıfe» қайырымдылық Гранд-балы.

2020-2021 оқу жылында Академия білім алушыларын әлеуметтік қолдау аясында мынадай іс-шаралар іске асырылды.

2020 жылдың тамыз-қыркүйек айларында оқушылардың жеке тұлғасының психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктері, өмір сүру жағдайлары, шағын орта ерекшеліктері зерделенді; Академия есебінен ішінара қаржыландырумен жергілікті бюджет қаражаты есебінен жеңілдікпен тамақтандыруды қажет ететін оқушылардың жеке әлеуметтік карталары қалыптастырылды (заңды өкілдердің, қамқоршылардың өтініштері негізінде). Аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасылардан шыққан 30 білім алушының ата-аналарына, сондай-ақ 2020-2021 оқу жылында Академияға оқуға түскен білім алушыларды әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша педагогтерге консультациялық көмек көрсетілді.

2020-2021 оқу жылының І жартыжылдығында қашықтықтан оқыту форматының ұзартылуына байланысты «Қазақ ұлттық хореография академиясы» КАҚ Басқармасының шешімімен қамқорлықтағы жетім балалар қатарынан Академияның 3 білім алушысына (ақшалай қаражатты карточкалық шотқа аудару арқылы) тамақтану шығындарын өтеу түрінде әлеуметтік қолдау көрсетілді: кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің «Хореография өнері» мамандығы бойынша 3 курсында оқитын 2 оқушы және 1 студент. Өтемақы мөлшерін есептеу 12.03.2012 жылғы № 320 ҚРҮҚ негізінде жүзеге асырылды.

«Союз Добра» қайырымдылық қорымен бірлесіп жұмыс аясында 2021 жаңа жыл қарсаңында Академияда оқитын жетім балаларға, сондай-ақ аналарынан айырылған балаларға арналған қордың ұсынымы бойынша «Аяз Атаға хат» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Академияның Жастар істері жөніндегі комитет пен ата-аналар комитетінің көмегімен волонтер-еріктілер балалардың Аяз Атаға жолдаған хаттарын жинады, балалар жаңажылдық тілектерін орындап, оларға сыйлықтар сатып алды. Қайырымдылық акциясы балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады, оларға және қызметкерлерге жақсы әсер қалдырды, балалардың қоғамның адамгершілік іс-әрекеттер жасайтын қабілетіне деген сенімін нығайтуға көмектесті. Акция қорытындысы бойынша Академияның 10 тәрбиеленушісі жаңа жылдық сыйлықтарға ие болды.

2020-2021 оқу жылының II жартыжылдығында Академияға білім алушылардың заңды өкілдерінен оларға әлеуметтік қолдау көрсету туралы (жеңілдікпен немесе тегін тамақтану, киім-кешек пен киім-кешек, интернатта тұру) 25 өтініш келіп түсті. Келіп түскен құжаттар мен өтініштер қаралды және «Қазақ ұлттық хореография академиясы» КАҚ Басқармасының бетпе-бет отырысының қорытындысы бойынша халықтың әлеуметтік осал санаттарынан 18 оқушыға әлеуметтік қолдау көрсетілді, олардың 4-і жетім балалар. Айта кететін жайт, жетім балалардың бірі Қырғызстан азаматы. Оған қатысты Академия басқармасының мүшелері оған 3 рет тамақтану және интернатта тұру үшін Академияның өз қаражатынан 100% төлем мөлшерінде әлеуметтік қолдау көрсету туралы бірауыздан шешім қабылдады.

Кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің 20 студентіне (бозбалаларына) кәсіби дайындық деңгейін арттыру және дене пішінін жақсарту мақсатында Академия көрсететін ақылы қызметтер есебінен 3 бір реттік тамақтану ақысының 80% мөлшерінде әлеуметтік қолдау көрсетілді.

2020-2021 оқу жылындағы жұмыс нәтижелері бойынша Академия Басқармасының шешімімен кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің білім алушыларына әлеуметтік қолдау келесі көлемде көрсетілді:

2020-2021 оқу жылында Академия білім алушыларына әлеуметтік қолдау көрсету көлемі

Білім алушылар санаты Білім алушылар саны Әлеуметтік қолдаудың формасы  Әлеуметтік қолдауды қаржыландыру көзі
1. Интернатта тұрмайтын мектеп оқушылары (2, 4 сыныптар) 2 Тегін бір реттік тамақтану (түскі ас) Бюджет – 40%
Академияның жеке қаражаттары – 60%
2. Мектеп оқушылары (4-9 сыныптар) 8 Тегін 5 реттік тамақтану Бюджет – 80%
Академияның жеке қаражаттары – 20%
3. Қамқорлықтағы жетім балалар 2 (мектеп) Тегін 5 реттік тамақтану;

Киім, аяқ киім, нысанды киім-кешек

Бюджет – 80%
Академияның жеке қаражаттары – 20%
1 (колледж) Тегін 3 реттік тамақтану;

Киім, аяқ киім, нысанды киім-кешек

(ағымдағы оқу жылы үшін және техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бітіргеннен кейін);

Интернатта тегін тұру;

4 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем (техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бітіргеннен кейін )

Бюджет – 25 %
Академияның жеке қаражаттары -75%
1 (колледж, ҚР резиденті емес) Тегін 3 реттік тамақтану;

Интернатта тегін тұру;

 

Академияның жеке қаражаттары – 100%
4. Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан білім алушылар 2 (колледж) Тегін 3 реттік тамақтану Бюджет – 25 %
Собственные средства Академии -75%
2 (колледж) Жеңілдікпен 3 рет тамақтану Бюджет – 25 %
5. Білім алушы бозбалалар 20 (колледж) Жеңілдікпен 3 рет тамақтану Бюджет – 80%
  Жиыны 38 білім алушы

*Ескерту: Әлеуметтік көмек көрсету мөлшерінің есептері 12.03.2012 жылғы №320 ҚРҮҚ № 2, 5, 6, 7, 10, 15 қосымшаларының негізінде жүзеге асырылды. 

Яндекс.Метрика