Академия әлемдік балет мектептеріне қойылатын заманауи талаптарға сәйкес келеді және Қазақстан астанасының мәдени және іскерлік орталығында, "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесінің аумағына жақын жерде орналасқан. Қазіргі заманғы үлкен ғимарат Қазақстан астанасының сәулеттік әшекейлерінің бірі болып табылады. Функционалдық мүмкіндіктері мен техникалық жарақтануы бойынша Академияның Орталық Азия өңірінде баламасы жоқ.
Академияның жалпы ауданы – 40 523,7 ш.м., пайдалы алаңы - 34 009,0 ш.м. ғимараттар кешеніне 3 негізгі объект кіреді: оқу корпусы, балет корпусы, тұрғын үй корпусы. 21 балет залы, 52 оқу аудиториясы, оқу театры, акт және конференц-зал, бассейн, спорт және фитнес залы, интернат, асхана, буфет, медициналық блок және т.б. жұмыс істейді.
Объектінің аумағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес бүкіл периметрі бойынша қоршалған.