2024 жылы Қазақ ұлттық хореография академиясының 5 оқытушысы «500 ғалым» бағдарламасының стипендиаттары атанып, әлемнің үздік ғылыми-зерттеу орталықтары мен университеттерінде біліктілікті арттыру мүмкіндігіне ие болды. Райхан Досжан – PhD, Балабек Сақтағанов – PhD, Айгүл Жұматаева – экономика ғылымдарының кандидаты «Креативті арт-индустрия» білім беру бағдарламасы бойынша Флоренция бейнелеу өнері академиясында (Италия) ғылыми тағылымдамадан өтеді; Жанат Бабажанова – экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ақдениз университетінде (Түркия) «Арт-менеджмент» бағыты бойынша ғылыми тағылымдамадан өтеді; Альмира Құлмағанбетова – PhD, аға оқытушы «Әлеуметтік сала менеджменті» бағыты бойынша Америка Құрама Штаттарындағы Джордж Вашингтон университетінде ғылыми тағылымдамадан өтеді.