Семинар ғылыми пікірталас түрінде өтеді, оның барысында таңдалған тақырыптардың негізгі бағыттары мен даму перспективалары талқыланады. Семинар барысында қатысушылар диссертациялық зерттеулерде одан әрі пайдалану үшін құнды ұсыныстар алады. Өнер саласындағы академиялық білім мен практикалық дағдылармен алмасу Академияда жүргізілетін білім мен зерттеулердің сапасын арттыруға ықпал етеді.
Семинарлардың негізгі міндеттері:
Ғылыми-зерттеу қызметінің дағдыларын игеру
Ғылыми жұмыстарды дайындау мен қорғаудың маңызды кезеңдерімен танысу
Диссертациялар мен ғылыми жарияланымдар жазудың ережелері мен қыр-сырын меңгеру
Ғылыми пікірталастар жүргізу және жүргізілген зерттеу нәтижелерін ұсыну дағдыларын игеру