Қазақ ұлттық хореография академиясының 1 курс докторанты Дана Қуанышбекова диссертациялық зерттеу жұмысына арналған ғылыми семинар өткізді.
Семинар жұмысына ғылыми кеңесшісі – педагогика ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Кульбекова, профессор Тойған Ізім, филология ғылымдарының докторы, профессор Жанна Толысбаева және филология ғылымдарының кандидаты, доцент Айнагүл Мұхамеджанова қатысты.
Зерттеу тақырыбы: «Қазақстандағы заманауи хореографиялық білім берудегі тарихи-тұрмыстық би: педагогикалық негіздер, дәстүрлер мен жаңашылдықтар»
Мақсаты: Хореографиялық білім беру жүйесінде тарихи-тұрмыстық биді оқыту әдістемесін жетілдіру арқылы болашақ әртістер мен педагогтардың кәсіби дайындығын арттыру.
Зерттеудің негізгі міндеттері: – пән мазмұнын жүйелеу; – оқыту әдістерін талдау; – қазақстандық және шетелдік тәжірибені салыстырмалы талдау; – авторлық электрондық-әдістемелік контент әзірлеу.
Ғылыми жаңалығы: Тарихи-тұрмыстық биді оқытуға арналған заманауи педагогикалық ресурстар мен инновациялық әдістемелік құралдарды әзірлеу.
Күтілетін нәтижелер: – оқу процесін заманауи талаптарға бейімдеу, – сабақ мазмұнын жаңарту, – ұлттық мәдени мұраны сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізу.
Семинар барысында докторанттың зерттеу тақырыбы терең талданып, қатысушылар тарапынан бірқатар кәсіби пікірлер мен ұсыныстар айтылды.