Сайт бойынша іздеу
"ONERLAB" ҒЫЛЫМИ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЗЕРТХАНАСЫ

«Onerlab» ғылыми-шығармашылық зертханасы "Өнертану" және "Арт-менеджмент" ББ студенттері мен педагогтарының іздестіру, ғылыми-эксперименттік қызметін біріктіру нысаны ретінде ұйымдастырылған (басқа ББ студенттерін тарту құпталады). Зертхана қызметі монографиялық басылымдарды бірлесіп әзірлеуге және басып шығаруға, түрлі деңгейдегі ғылыми жобаларға қатысуға, қазақ балетінің тарихы бойынша мұрағат құруға бағытталған.


«Onerlab» зертханасы қызметінің жарқын нәтижелерінің бірі - белсенді жұмыс істейтін Instagram-парақшасы. Соның арқасында отандық балетті танымал ету лайықты дамып, жұртшылық тарапынан балетке деген қызығушылық артып, балетке кәсіби түрде қатысқан және өнердің осы түріне қызығушылық білдіретін аудитория бірігеді.


«Onerlab» шығармашылық зертханасының жұмысы, 2 курс магистранттары арасында «Science slam – үздік постерлік баяндама» байқауы (қамту 100% құрайды), «Уақыт лентасы» элементтері бар интерактивті жоба, хореография бойынша кейс-батллар және т.б. іс-шаралардың осындай форматы – бұл шығармашылық баяндамалар мен пікірталастарға арналған алаң (қамту 50% құрайды).


«Астана Опера» театры: спектакльдер мен жасаушылар, образдар мен орындаушылар» және «Астана Балет» театры: спектакльдер мен жасаушылар, образдар мен орындаушылар» ғылыми-зерттеу тақырыптарын іске асыруға «Өнертану және арт-менеджмент» кафедрасының барлық ПОҚ және «Өнертану» ББ студенттері қатысады. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін балетограф студенттер отандық және шетелдік балеттің премьерасына байланысты барлық іс-шараларға, фестивальдерге, шеберлік сыныптарына қатысады, Академияда жұмыс істейтін педагогтардан және шетелдік қонақтардан сұхбат алады.