Сайт бойынша іздеу
ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ (ТЖКБ)

Академиядағы хореографиялық білім берудің келесі деңгейі – «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығының шеңберінде негізгі орта білімді қамтитын техникалық және кәсіптік оқыту (ТжКБ) болып табылады. Бірінші кезең – классикалық биді оқытудың кіші және орта деңгейлері, екінші кезең – курс студенттері жоғары деңгейдегі бағдарламаны меңгереді, бидің виртуоздық техникасын, мәнерлілігін, музыкалығын, әртістігін меңгереді, өздерін кәсіби театрларда, халық би ансамбльдерінде және басқа да шығармашылық ұжымдарда жұмыс істеуге дайындайды.

Техникалық және кәсіптік білім беру келесі мамандықтар бойынша оқытуды көздейді:

02150700-Хореография өнері 4S02150701-Балет әртісі біліктілігі (оқу мерзімі 7 жыл 10 ай, 5 сынып-3 курс);

02150700-Хореография өнері, 4S02150702-Би ансамблінің әртісі біліктілігі (оқу мерзімі 2 жыл 10 ай, 1-3 курс).