Сайт бойынша іздеу
Тарих

Академия хореографиялық дайындықты («Балет әртісі» біліктілігі бойынша) бастауыш сыныптан бастауды көздейтін, ерте кәсіби мамандық беретін Қазақстандағы жалғыз оқу орны болып табылады. Академия мектебі дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған білім беру ұйымдарының мамандандырылған мектептерінің желісіне кіреді.

Академияда техникалық және кәсіптік білім беру базасында 3 жыл оқу мерзімімен балет әртістеріне арналған қысқартылған бағдарлама іске асырылуда, «Астана Опера», «Астана балет» жетекші театрларының базаларында дуальды оқыту дамытылған.

Практика базалары 36 ұйым болып табылады, олардың ішінде «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры, «Астана Балет» театры, Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясы, Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры және басқалар.

Шетелдік және отандық университеттермен 40-тан астам келісім-шарттар, келісімдер, ынтымақтастық туралы меморандумдар бар. Академияда Жапония, Эстония, Индонезия, Ресей, Қытай, Әзірбайжан, Қырғызстан және басқа елдердің азаматтары оқиды. Жыл сайын елдердің географиясы кеңейіп келеді. Академия Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясының Астана қаласы бойынша аймақтық үйлестірушісі болып табылады.

Академияда университеттің білім беру бағдарламаларының халықаралық институционалдық және мамандандырылған аккредитациясы, кәсіптік білім беретін мектеп-колледждің мемлекеттік аттестаттауы бар.

2019 жылы Қазақ ұлттық хореография академиясы Қазақстан Республикасының ең үздік шығармашылық университеттерінің рейтингісінде 2 орынды иеленді.

2021 жылдан бастап Академия өз үлгісіндегі диплом береді.

2021-2022 оқу жылынан бастап Қазан мемлекеттік мәдениет институтымен «Хореография өнерінің педагогикасы» екі дипломды бакалавриат бағдарламасы іске асырылуда.

2022 жылы «Өнер» кадрларын даярлау саласында Диссертациялық кеңес құрылды.

2018 жылдан бастап Академия базасында «Temps lie» халықаралық балет фестивалін, жас хореографтардың халықаралық байқауын, Шара Жиенқұлова атындағы атындағы республикалық қазақ биі байқауын, Дәурен Әбіров атындағы қазақ ерлер жеке биі республикалық байқауын өткізу дәстүрге айналды.

Жыл сайын Республикалық және халықаралық байқаулардың жүлдегерлері мен лауреаттары санының серпінді өсуі байқалады. Академияның репертуарында «Щелкунчик» және «Раушан гүлі мен көбелектің романы» атты екі толыққанды балет спектаклі бар.

2022 жылы Академияның «Раушан гүлі мен көбелектің романы» балет қойылымы UMAI ұлттық сыйлығының «Үздік балалар қойылымы» номинациясына ие болды. Жыл сайын Академия студенттері жетекші «Астана Опера» және «Астана Балет» театрларының қойылымдарына қатысады.

Қазақ ұлттық хореография академиясы – Қазақстандағы ғана емес, бүкіл Орталық Азиядағы ең ірі оқу орны. Ол классикалық дәстүрді ұстану мен эксперименттің батылдығын ұштастыра отырып, Қазақстанның балет өнері үшін тамаша ортаны қалыптастыруға арналған.

МИССИЯ, БАҒДАР, ҚҰНДЫЛЫҚТАР
МИССИЯ ЖӘНЕ БАҒДАР

Қазақ ұлттық хореография академиясы – әлемдік хореографиялық өнер мен кәсіби білімнің озық тәжірибесін беретін, мәдениеттердің шығармашылық алуандығы жағдайында классикалық және ұлттық мұраны біріктіретін шығармашылық инновацияның халықаралық білім беру ғылыми-шығармашылық орталығы.

ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Адалдық және ашықтық. Біз адалдық пен ашықтықты барлық жағынан қолдаймыз. Академиялық ортадағы адалдықты қолдаймыз. Заманауи білім мен іскерліктерді толық игеруді қолдаймыз.
Құрмет және қолдау. Біз әрбір адамның қадір-қасиетіне, пікіріне, пайымына, дүниетанымына құрмет көрсетеміз. Жақсы серіктестік пен өзара көмекті дамытуды қолдаймыз.
Жауапкершілік. Біздің ортақ игілігіміз әрқайсымыздың экологиялық мәдениетіне байланысты екендігін түсінеміз.
Жетілдіру. Біз қол жеткен жетістіктерімізбен тоқтап қалмаймыз. Өзіміздің дамып тереңдей түсумізді басқарамыз, жанымыздағы адамдарды өзін-өзі жетілдіруге ынталандырамыз және әрқайсысының жетістіктеріне шын жүректен қуанамыз.
Командалық рух. Сахнада жеке өнер көрсетіп, командада жұмыс істейміз. Бәріміз бірлесіп Қазақ ұлттық хореография академиясының және мемлекетіміздің табысты болуын қамтамасыз ете аламыз.

АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТ

«Қазақ ұлттық хореография академиясы» ШЖҚ РМК кредиттік оқыту технологиясы негізінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды даярлауды жүзеге асырады, бұл білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз етуге, білім сапасын арттыруға, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын арттыруға көмектеседі.

«Қазақ ұлттық хореография академиясы» ШЖҚ РМК академиялық саясаты (бұдан әрі – Академиялық саясат) Академияның сапаны қамтамасыз ету саласындағы саясатын, контингентті қабылдау және қалыптастыру саясатын, кредиттік технология бойынша оқу процесін ұйымдастырудың негізгі ережелерін, модульдік білім беру бағдарламаларын әзірлеу қағидаларын, білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеу және жеке білім беру траекториясын қалыптастыру тәртібін; білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізу қағидаларын; білім алушылардың барлық практика түрлерінен өтуін ұйымдастыруды; білім алушыларды ауыстыру, қайта қабылдау ережесін; Академиялық адалдық ережесін және т.б. қамтиды.

Академиялық саясат студенттерге, профессорлық-оқытушылық құрамға, Академияның оқу процесін ұйымдастыратын құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.