Сайт бойынша іздеу
АКАДЕМИЯНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

Академияның Халықаралық қызметі Академияның 2021-2027 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарына сәйкес және Академия мен шет мемлекеттердің оқу орындары арасында жасалған меморандумдар, келісімдер, білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы шарттар негізінде іске асырылады.

Академияның Халықаралық қызметін дамыту білім алушылардың кәсіби даярлығының сапасын арттыруға, әлемдік хореографиялық қоғамдастықтың жетекші жоғары оқу орындарымен байланысты нығайтуға, сондай-ақ Академияның әлемдік білім беру кеңістігінде танылуына бағытталған.

АКАДЕМИЯНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:
  • Академияның халықаралық байланыстарын іске асыру мәселелері бойынша шетелдік әріптестермен, халықаралық ұйымдармен, шет мемлекеттердің елшіліктерімен өзара іс-қимыл жасау;
  • Білім, ғылым және өнер саласындағы алмасу және ынтымақтастық жөніндегі халықаралық қызметті ұйымдастыру;
  • Мемлекеттік білім беру стандартына және Академияның ішкі ережелеріне сәйкес шетелдік азаматтарды қабылдауды, оқытуды және тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру;
  • Шетелдік азаматтар мен делегацияларды қабылдауды ұйымдастыру;
  • Көші-қон есебі және шетелдік студенттерге виза рәсімдеу;
  • Академияның профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің шетелге шығуына жәрдемдесу;
  • Ынтымақтастық туралы меморандумдар/келісімдер жасасу және оларды іске асыру мониторингі;
  • Халықаралық кездесулерді ұйымдастыру, халықаралық конкурстарға, конференцияларға қатысу;
  • Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру;
  • Ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыру;
  • Erasmus + жобасына қатысу және жаңа серіктестер табу;
  • Шақырылған мамандардың шеберлік сыныптарын ұйымдастыру және т.б.
Байланыс
Байланыс тұлғасы:
Малика Найзабекова
Телефон: