ҚР МАМ «Қазақ ұлттық хореография академиясы» ШЖҚ РМК «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрыққа сәйкес бастауыш білім берудің негізгі білім беру бағдарламасын іске асырады. Академияда білім беру дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектепте (хореографиялық өнердің кәсіпалды бағдарламасы) балет гимнастикасы, музыкалық би, ритмика, көркем гимнастика сабақтарында 6-7 жастан басталады. Осының барлығы балет әртісі және би ансамблінің әртісі мамандығын саналы түрде таңдауына жас дарындардың санасын да, тәнін де дайындап, қалыптастырады.
Бастауыш білім беру бағдарламасы бастауыш мектеп жасындағы балалардың жеке басының толық және жан-жақты дамуын, балаларда оқуға тұрақты құштарлығын қалыптастыруды, оқу дағдылары мен шығармашылық әуелетін дамытуды көздейді.
Егер Сіздің балаңыз балет әртісі мамандығын таңдаған болса, бұл бөлім тек Сіздер үшін!
Сіздердің назарларыңызды келесіге аударамыз:
Тұрғын үй блогына орналасу мәселелері бойынша 8 /7172/ 798 572 телефонына хабарласуға болады
Әлеуметтік көмек ұсыну мәселелері бойынша 8 /7172/ 798 578 телефонына хабарласуға болады
Шетелдік азаматтарды тіркеу мәселелері бойынша 8 /7172/ 790 855 телефонына хабарласуға болады
Сабақ кестесін, сонымен қатар балалардың жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгерімін https://kundelik.kz/ сайтынан тексере аласыз.
Балалардың бейіндік пәндер бойынша үлгерімін http://95.141.137.22 сайттан тексере аласыз
Ұсынылған ақпарат Сіздің балаңыздың жетістікке жетуіне көмектесетініне сенеміз.