Медициналық көмек көрсету және профилактикалық іс-шаралар үшін Академияның барлық білім алушыларына білікті медициналық көмек көрсетіледі.
Білім алушының дене дамуын бағалау үшін оқу жылына 3 рет өткізілетін антропометриялық мәліметтер үлкен рөл атқарады. Антропометрияны жүргізу кезінде келесі көрсеткіштердің өлшемдері анықталады: салмақ, тұру және отыру бойы, дем шығару кезінде бастың, иықтың, кеуде шеңбері, бел мен жамбастың көлемі. Бұл деректер оқу жылы ішінде білім алушының физикалық деректерін салыстыру үшін Академияның электрондық журналында жазылады.
Швед қабырғасы бар, бұл снарядтағы жаттығулар бұлшықеттерді нығайту үшін өнімді және пайдалы, мінезді тәрбиелейді, иммунитетті нығайтады, Кроссовер тренажер, «Пилатес» - барлық бұлшықеттерді жұмыс істеуге, дене қалпын жақсартуға, артық салмақ жоғалтуға, күш пен төзімділік көрсеткіштерін арттыруға, төменгі арқадағы ауырсынуды азайтуға мүмкіндік беретін бүкіл денеге арналған жаттығулардың тұтас кешені, ішкі ағзалардың жұмысын жақсарту, метаболизмді жақсарту, мазасыздық пен ұйқысыздықтан арылу, әдемі дене бітімі мен фигурасын қалыптастыру!
Медициналық көмек кәсіптік білім беретін мектеп-колледжі мен ЖОО-ның барлық білім алушыларына көрсетіледі.
Басқа қаладан келген, Академияның интернатында тұратын балаларға тәулік бойы медициналық көмек көрсетіледі және медициналық қызметкерлердің тұрақты бақылауында болады.
Ауырған кезде ағзаны тезірек қалпына келтіру үшін физиоемдеу жүргізіледі. Гальванизация және электрофорез, ультрадыбыстық терапия, магнитотерапия «Полимаг-02» және УВЧ терапия және төмен жиілікті терапия үшін УКС аппараттары (ультракүлгін сәуле түсіру) бар. Үлкен, жарық ЕФК залында мүсіннің бұзуылын түзету, алған жарақаттардан кейін қайта қалпына келтіру және оңалту бойынша сабақтар өткізіледі.
Педагог-психолог білім алушылардың психологиялық даму аспектілерін және жеке дамуына кедергі келтіретін факторларды талдай отырып, олардың психоэмоциялық күйін қадағалайды, білім алушыларға, олардың ата-аналарына және педагогтарға оқу үрдісімен байланысты нақты проблемалар бойынша консультациялар береді. Білім алушыларға психологиялық қолдау және сүйемелдеу көрсетеді.
Дәрігер-диетолог ас мәзірін құрастырып, азық-түліктердің дұрыс салынуын және дайын өнімнің бракеражын, азық-түліктердің сапасын, тамақ өнімдерінің дұрыс сақталуын, асхана жұмысын және санитарлық-гигиеналық ережелердің сақталуын қадағалай отырып, пайдалы және дұрыс тамақтану үшін жауап береді.