ҒСҚ-бұл оқу жоспарлары мен бағдарламаларынан тыс ғылыми-зерттеу, жобалау, іздестіру, инновациялық, шығармашылық қызметке қатысатын академия студенттерінің, профессорларының, оқытушылары мен ғылыми қызметкерлерінің бірлестігі.
ҒСҚ қызметі шығармашылық қабілеттерін дамытуға, талантты жастарды анықтауға және қолдауға, сондай-ақ зерттеу және жобалау қызметі үшін неғұрлым дайындалған кадрлық әлеуетті қалыптастыруға бағытталған.