Сайт бойынша іздеу

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық хореография академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны келесі бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды: 

  • Тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі директор.


Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары:

тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды, кемінде 5 жыл педагогикалық жұмыс өтілін (оның ішінде жоғары оқу орындарындағы басшы лауазымдарда) растайтын құжат және білім беру менеджменті саласында біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат (куәлік).

Еңбек шарттары:

бес күндік жұмыс аптасы, 2 демалыс күнімен, демалыс 56 күнтізбелік күн. Ресми жұмысқа орналасу, әңгімелесу кезінде ақпарат толығырақ беріледі. 

Анықтама телефондары: 8-7172-79-08-47, 8-7172-79-85-57
e-mail: HR@balletacademy.kz

«Қазақ ұлттық хореография академиясы» ШЖҚ РМК кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің 2025-2026 оқу жылына бос орындар тізімі: 

Бос лауазымның атауы

Бағыт, пән

Бірлік, мөлшерлеме саны

Кәсіптік білім беру мектеп-колледжі

Жалпы білім беретін пәндер бойынша пәндік-циклдық комиссия

Химия пәнінің оқытушысы

химия пәні қазақ және орыс тілдерінде оқытылатын (5-9 сынып)

0,4 ст.

География пәнінің оқытушысы

география пәні орыс тілінде оқытылатын (5-9 сынып)

0,38 ст.

Математика пәнінің оқытушысы

математика пәні орыс тілінде оқытылатын (5-9 сынып)

1 ст.

Орыс тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы

орыс тілі және әдебиет орыс тілінде оқытылатын (5-9 сынып)

0,6 ст.

Концертмейстерлік шеберлік және фортепиано бөлімі

Концертмейстер

арнайы пәндер

3 бірлік


Лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары:

Оқытушы: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды; және (немесе) жоғары біліктілік деңгейі болған кезде: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл, педагог-шебер үшін – кемінде 5 жыл мамандығы бойынша жұмыс өтілі.

Мұғалім: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білім жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл; және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл.

Концертмейстер: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік музыкалық білім немесе орта кәсіптік музыкалық білім, музыкалық аспапта орындау техникасын кәсіби меңгерген, мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл немесе магистр академиялық дәрежесінің болуы.