Сайт бойынша іздеу

Академияда әлеуметтік жұмыс «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Бала құқықтары туралы конвенцияның, «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, сондай-ақ 2021 жылғы 1 қыркүйекте бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақ ұлттық хореография академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының білім алушыларына әлеуметтік қолдау көрсету қағидаларының және басқа да нормативтік құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.

Академиядағы әлеуметтік жұмыстың негізгі бағыттары:
  • Академия тәрбиеленушілеріне әлеуметтік көмек көрсетуге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
  • білім алушылардың негізгі әлеуметтік қажеттіліктері мен проблемаларын зерделеу және білім алушылардың әлеуметтік қорғалмаған санаттарымен жұмыс істеу, оларды әлеуметтік жеңілдіктермен және төлемдермен қамтамасыз ету;
  • білім алушыларды әлеуметтік қолдау шараларын қамтамасыз ету бойынша Академияның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру;
  • Академия тәрбиеленушілерін, әсіресе жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, сондай-ақ мемлекеттік қолдауға мұқтаж әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан балаларды дамыту үшін оңтайлы педагогикалық жағдайлар жасау;
  • білім алушыларды психологиялық қолдау (Арт-терапия кабинетінің жұмысы, жеке кеңес беру);
  • тегін алғашқы медициналық көмек көрсету;
  • еңбек нарығына бейімделу процесінде студенттерді қолдау;
  • студенттердің сабақтан тыс белсенділігін ынталандыру (шығармашылық үйірмелердің, спорт секцияларының, ағылшын тілін үйрену клубының жұмысы);
  • рухани даму мақсатында елорданың тарихи және мәдени көрікті жерлеріне экскурсиялар ұйымдастыру, музейлерге, көрмелерге, қаланың музыкалық және драмалық театрларының қойылымдарына бару.