Сайт бойынша іздеу
«Шапағат – 2025» республикалық өнертапқыштар байқауы жарияланды

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Ұлттық зияткерлік меншік институты «Шапағат – 2025» республикалық өнертапқыштар жетістіктері байқауына қатысуға шақырады.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

  • «Жыл өнертабысы»
  • «Әйел-өнертапқыш»
  • «Ең белсенді өнертапқыш»
  • «Үздік инновациялық компания»
  • «Жас өнертапқыш» (18–35 жас)
  • «Дарынды өрен» (10–18 жас)

Сондай-ақ «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» құрметті атағы беріледі. Өтінімдер 2025 жылғы 15 қазанға дейін shapagat@kazpatent.kz электронды поштасына қабылданады.

Қосымша ақпарат:

  • +7 (7172) 62-15-03 – Айдын Артыкова
  • +7 (7172) 62-15-18 – Алтынай Батырбекова

Приложения

Информационное письмо 01-757