Студенттер ұлы қазақ жазушысының шығармаларын шынайы ықыласпен орындап, көрермендерді оның сөз өнеріне және бірегей әлеміне терең бойлатты. Қатысушылар Kahoot платформасындағы интерактивті викторинаға қатысып, өз білімдерін сынап көрді.
Байқау жеңімпаздары: 1 орын — Хусаинова Диана және Маканова Инкар, 1 курс студенттері (арт-менеджмент), «Аққудың айырылуы» шығармасымен. 2 орын — Турарова Арайлым Мадиевна (арт-менеджмент, 1 курс), «Туған жерім – өз елім» шығармасымен. 3 орын — Бекназар Сүндет (өнертану), «Ел ішінде» шығармасымен. Барлық қатысушылар Сәкен Сейфуллиннің есімін мәңгі есте қалдыруға қосқан үлестері үшін дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.