Сайт бойынша іздеу
"How to Have Fun Practicing English" вебинарына шақырамыз

Студенттік ғылыми қоғам баршаңызды ағылшын тілінің ұстазы және тілді тасымалдаушы Алимен өтетін қызықты кездесуге шақырады!

📅 Күні: 2025 жылғы 24 қаңтар 🕒 Уақыты: 15:00 🏫 Өтетін орны: Science Café (470-аудитория)

Бұл кездесу Science Café іс-шаралары аясында өтеді және ағылшын тілін қызықты әрі тиімді түрде үйрену әдістеріне арналады. Али ойындар, сөйлесу техникасы және практикалық мысалдар арқылы тілді қалай үйренуге болатынын көрсетіп, күнделікті өмірге ағылшын тілін қалай енгізу жолдарын үйретеді.

Сізді • Тілді үйренудің қызықты тәсілдері. • Бірден қолдануға болатын практикалық кеңестер мен мысалдар. • Ағылшын тілін жаттықтырудың жаңа әдістерін сынап көруге болатын достық орта күтуде.

Жақсы көңіл-күй мен білімге деген ынтызарлықпен келіңіз! Бұл кездесу тілді жаңадан бастаушыларға да, ағылшын тілінде сенімді сөйлейтіндерге де пайдалы және қызықты болмақ.

Сіздерді күтеміз!

Ағылшын тілін үйренудің жаңа әдістерін ашуға мүмкіндік беретін бұл ерекше іс-шараны жіберіп алмаңыз!