«Заманауи білім» журналы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Study in Kazakhstan» жобасына арналған арнайы шығарылымын дайындауда.
Шығарылымда қазақстандық жоғары оқу орындарының халықаралық ынтымақтастық бағытындағы жұмыстары мен елімізде жоғары білім алудың отандық және шетелдік студенттер үшін тартымдылығын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан шаралар баяндалатын болады.
Журналдың бұл арнайы санына бейнематериалдар мен жарнамалық мақалалар 2025 жылдың 21 сәуіріне дейін қабылданады. Қосымша ақпарат пен коммерциялық ұсынысты алу үшін редакциямен байланысуға болады:
Тел.: +7 727 377 31 43, +7 727 327 12 87, +7 778 312 37 64
E-mail: info@bilim.expert